Қазақстандағы AI CRM

WhatsApp, Instagram және Telegram клиенттеріне 24/7 жауап беретін AI CRM

FlowCRM AI клиенттің хабарламасына қазақша және орысша жауап береді, тапсырысты қабылдайды, мәмілені CRM-ге жазады, ал менеджерлер мен компания жағдайын AI Director бақылайды.

  • ✓ Қазақ және орыс тілдерінде
  • ✓ Тегін тариф бар
  • ✓ Карта қажет емес

Сатылымға керектің бәрі бір жерде

Барлық чат бір терезеде

WhatsApp, Instagram Direct, Telegram және сайттағы чат — бір Inbox-та. Әр клиенттің толық тарихы көрініп тұрады.

AI сатушы

AI тауар, баға, қойма туралы тек сіздің деректеріңізге сүйеніп жауап береді, тапсырысты рәсімдейді, күрделі сұрақты менеджерге береді.

CRM және воронка

Лидтер, мәмілелер, тапсырмалар, күнтізбе және қойма — сатылым кезеңдері бойынша автоматты түрде.

AI Director

Сатылым, менеджерлер, шығын мен жарнама ROI бойынша нақты сандар мен ұсыныстар. Иесіне арналған.

FLOW AI дауыс көмекшісі

Компанияңыз туралы дауыспен сұраңыз — FLOW адамша жауап береді, атыңызды есте сақтайды.

Рассылка және автоматтандыру

WhatsApp рассылкасы, еске салулар, автоматты тапсырмалар — менеджердің уақытын үнемдейді.

3 қадаммен іске қосыңыз

  1. 1

    Тіркеліңіз

    Компанияңызды 1 минутта ашыңыз — тегін тариф бірден қолжетімді.

  2. 2

    Арналарды қосыңыз

    WhatsApp-ты QR арқылы, Instagram мен Telegram-ды бірнеше басумен қосыңыз.

  3. 3

    AI-ды үйретіңіз

    Прайс, тауарлар мен жиі сұрақтарды жүктеңіз — AI клиенттерге сол бойынша жауап береді.

FLOW AI

Компанияңызбен дауыстап сөйлесіңіз

«Flow, осы аптада сатылым қалай?» деп сұраңыз — анимациялық көмекші сандарды айтып, келесі қадамды ұсынады.

  • ✓ Тек тексерілген сандар
  • ✓ Анық естімесе — қайта сұрайды
  • ✓ Атыңызды есте сақтайды

Деректеріңіз қорғалған

  • 🔒 Әр компанияның деректері дерекқор деңгейінде оқшауланған
  • 🔒 HTTPS, шифрланған кілттер мен токендер
  • 🔒 Алаяқтыққа қарсы AI сүзгісі
  • 🔒 Күнделікті резервтік көшірме

Жиі қойылатын сұрақтар

FlowCRM AI деген не?

WhatsApp, Instagram және Telegram чаттарын бір жерге жинап, клиенттерге AI арқылы жауап беретін және сатылымды басқаратын CRM жүйесі.

AI қазақ тілінде жауап бере ме?

Иә. AI клиент қай тілде жазса — қазақша немесе орысша — сол тілде жауап береді.

Тегін тариф бар ма?

Иә, FREE тарифінде CRM, Inbox және бір WhatsApp нөмірі тегін. AI мен қосымша мүмкіндіктер ақылы тарифтерде.

AI қате баға айтып жібермей ме?

AI тек сіз енгізген прайс пен қойма деректерін қолданады. Расталмаған бағаны, жеңілдікті немесе жеткізуді айтпайды — күмәнді сұрақты менеджерге береді.

Деректерім қауіпсіз бе?

Иә. Әр компанияның деректері бөлек оқшауланған, барлық байланыс шифрланған, ал кілттер мен токендер AES-256 арқылы шифрланып сақталады.

Клиенттеріңізге бүгіннен бастап жылдам жауап беріңіз

Тіркелу тегін және бір минут алады.

Тегін бастау